25 Қыркүйек 2019
96

Теректіліктер теологпен кездесті

Теректі ауданына республикалық ақпараттық түсіндіру тобының мүшелері ҚР Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасының «Насихат және қоғаммен байланыс» бөлімінің маманы Хамзат Әділбеков пен Ақтөбе облысының «Ас- Салам» мешітінің бас имамы Мәди Орынбай, облыстық дін мәселелері зерттеу орталығының басшысы Арман Нұрахметұлы келді.

 

Подстепный қазақ мектебінде теолог маман Мәди Орынбайұлы дінтану пәнінің мұғалімдеріне қазіргі қоғамдағы діни ахуал жайында кеңінен ақпарат берді. - Экстремизм мен терроризмнің алдын алу мақсатында сіздер секілді тұрғындармен кездесулер өткіземіз. Біз осы елдің азаматы болған соң кейінгі өскелең ұрпаққа дұрыс жол көрсетіп, мемлекеттің одан әрі дамуына үлес қосамыз,-деді Мәди Орынбаев.

 

 

«Насихат және қоғаммен байланыс» бөлімінің маманы Хамзат Әділбеков Теректі колледжінде студенттермен кездесіп, шәкірттерге діни сауаттылық арттыру мақсатында ақпараттар беріп, сұрақтарына жауап берді. Теологтар мәдениет және құқық қорғау органының қызметкерлерімен де кездесті. Діни экстремизмнің алдын алу және қоғамдағы діни ахуал жайында кеңінен ақпарат берді.