26 Қыркүйек 2019
34

Қазталовта мүмкіндігі шектеулілер өнер көрсетті

Қазталов ауданында «Ұмай» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Нұрия Хабибуллинаның ұйымдастыруымен Жастар жылы аясында 18-35 жас аралығындағы мүмкіндігі шектеулі жандар арасында «Сендер өткен өзеннен өткенім жоқ, тағдырым бар ешкімге ұқсамайтын» атты шара өтті

 

Шараға Жалпақтал, Қараоба, Қараөзен, Бостандық, Қазталов ауылдарынан мүмкіндігі шектеулі жандар қатысты. Шахмет, дойбыдан өзара ойын өрнегін көрсетсе, қолөнер бұйымдарынан көрме ұйымдастырылып, өнерлерін ортаға салды.

Кеш барысында өзіндік қабілеттерімен ерекше көзге түскен, соның ішінде қолөнер аталымы бойынша Василий Вологин, Гүлдана Ермекқалиева, Әлия Маширова, Арман Тлекқабылов, шахмат, дойбыдан Нұрлан Шадманов, Жақсылық-Гүлмира Альмурзиндер отбасы жақсы нәтиже көрсетсе, ал өнер бөлімінде Гүлбарам Ибрашева, Абат Төлемісов, Дарын Нұржанұлы таланттарымен ерекшеленді. Белсенділік танытқан жандарға да арнайы сыйлықтар табысталды.

Шараға демеушілік танытқан «Тоғжан» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Алтын Ақбаеваға қатысушылар атынан алғыс айтылды.