26 Қыркүйек 2019
188

Шыңғырлау ауданы әкімі жастармен кездесті

Шыңғырлау аудан әкімі Ержан Тұрмағамбетов аудан жастарымен кездесті.

Кездесу барысында аудан әкімінің балалық шағынан сыр шертетін бейнеүзік көрсетіліп, естелік әңгімелер айтылды. Сондай-ақ жастардың көкейінде жүрген сұрақтарына жауап беріп, емен-жарқын әңгіме өрбіткен Ержан Рысжанұлы өзінің өмірлік тәжірибелерімен де бөлісті. «Бүгінгі кездесу көп жастарға рухани серпіліс берді. Аудан әкімі Ержан Рысжанұлымен жастар болып салиқалы сұхбат өрбітіп, сауалдарымазға жауап алдық. Еркін әңгіме барысында бүгінгі жастардың жайкүйіне, олардың негізгі бағыттарына тоқталып, өзара пікір алмастық. Алдағы уақытта осындай игі шаралар жалғасын табады деген сенімдемін»,-дейді жас маман Нұрлыбек Қайыржанов.

Сонымен қатар кездесуде Ержан Рысжанұлының ұстазы Алтын Владимирқызы қатысып, кеш кейіпкерінің оқушы кезіндегі қызықты оқиғаларын айтып берді.