26 Қыркүйек 2019
317

Егін алқабында жұмыстар аяқтала келді

Шыңғырлау ауданының шаруашылық құрылымдары 2019 жылғы егін жинау жұмыстарын аяқтай келді.

 

Шыңғырлау ауылдық округ әкімі аппаратының мәліметтеріне сүйенсек, 25 қыркүйекте 4027 гектар алқапта дәнді дақылдар орылып, бастырылды. Нақтырақ айтсақ, 974 гектар алқаптан күздік дақылдар, 1 937 гектар жаздық бидай, 1 116 гектар алқаптан арпа орылды. Орташа өнімділігі – 14,4 ц/га. Жоспарланған егін алқабындағы дән 100 пайыз жиылып, қамбаға құйылды. Нәтижесінде 5 789 тонна астық бастырылған, оның ішінде күздік дақылдар 2 181 тонна, жаздық бидай 2310 тонна, арпа 1 298 тонна. Аудан бойынша майлы  дақылдарды алсақ, 2053 гектар алқапқа егілген мақсарыдан 1129,0 тонна жиналған. Ал мал азығының дайындалуы туралы айтсақ, округтерде 71 233 тонна шөп жиналған. Жоспардың орындалуы 99,3%. Шөп шығымының орташа өнімділігі 2,9 ц/га. Сонымен қатар 2433 гектар алқапқа күздік дәнді дақылдар егілді. Нақтырақ айтқанда, күздік қара бидай 713 гектарға, күздік бидай 1 720 гектарға себілді. Жоспардың орындалуы - 105,8%. Диқандар мен шаруа жандар енді келер жылдың  жұмыстарын жоспарлау үстінде.