27 Қыркүйек 2019
368

Дарияндық оқырмандар ойларын ортаға салды

Бүгін «Жайық Пресс» ЖШС Бәйтерек филиалы – Бәйтерек аудандық «Ауыл тынысы» газетінің директорредакторы Ертай Бимұханов Дариян мектеп-гимназия интернатында мектеп мұғалімдері мен жас оқырмандармен кездесті

 

Кездесуде мектеп директоры Шолпан Өмірзақова баспасөзге жазылу науқанына орай мектеп ұжымы аудандық газетке жазылудан тыс қалмайтындығын айтып, редакция ұжымына табыс тіледі. Оқырмандар атынан сөз алған мұғалім Жұмабек Әбішев ауылды жарықтандыру, тұрғындар қауіпсіздігі үшін жүргінші жолдар салу мәселесін көтерсе, кітапханашы Шолпан Сұлтанғалиева ауылішілік қоғамдық көлік ұйымдастыру мәселесін тілге тиек етті.

Ал мектеп оқушысы Мәдина Ибрагим болса, журналистикаға бейімі бар оқушыларға «Жас тілші» үйірмесін ашу турасында ұсыныс тастады. Басылым басшысы Е.Бимұханов оқырмандар тарапынан көтерілген мәселелерге үн қосатындығын жеткізді.

Кездесу соңында Ертай Сағындықұлы мектеп ұжымына алғысын жеткізіп, кітапханаға кітаптар сыйлады.