03 Қазан 2019
11

Жаңақалада №42 лиман күрделі жөндеуден өтпек

Бүгін БҚО өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңында Жаңақала ауданының әкімі Наурызбай Қарағойшиннің қатысуымен баспасөз брифингі өтті

 

Жаңақала ауданында 48 мың гектар көлтабан бар. Алайда XX ғасырдың 70-80 жылдары салынған суландыру жүйелері тозған. Жыл сайын су көлемінің жеткіліксіз болуына байланысты шаруа қожалықтары 28 мың гектар көлтабанды пайдалануда екен.    -Аудандағы мал қыстағына қажеттілік 130-135 мың тонна болса, аталған көлтабандардан алынатын мал азығы осы қажеттіліктің 25-30% құрайды. Суландыру жүйелерін жөндеу мақсатында 2018 жылы облыстық бюджет есебінен 63,2 млн. теңгеге Төртқұлақ, Қарасу лимандарын күрделі жөндеу жұмыстары басталды. Биыл қазан айында аяқтау жоспарланып отыр. Сонымен қатар аудандық бюджет есебінен №42 лиманды күрделі жөндеуге жобалау-сметалық құжаттама жасақталып, облыстық табиғат қорғау басқармасына ұсынылды. Жоба құны – 17,4 млн. теңге. Жоба мақұлданса, көлтабан жөндеуден өтеді. Облыстық құрылыс басқармасы Қызылжар бөгетін реконструкциялауға жобалау-сметалық құжат жасап, мемлекеттік сараптамадан өтуде. Жобаның құны – 360 млн. теңге болмақ. 2020-2022 жылдары Көшім өзені мен Қарақұдық каналына механикалық тазарту жұмыстарын жүргізу, «Қазсушар» РМК теңгеріміндегі Сәңкібай магистралды каналы бойындағы су реттегіш қақпаларды жөндеу қажет. Сәңкібай магистралды каналының жалпы ұзындығы – 32,9 шақырым. Негізгі су реттегіш қақпалар саны бесеу, -деді Наурызбай Қадырбайұлы