03 Қазан 2019
45

«Сегіз мектепке күрделі жөндеу қажет»

Жаңақала ауданында «Мектепке дейінгі ұйымдарға кезекке қою және жолдама беру» мемлекеттік қызметі толықтай автоматтандырылған. «Kundelik.kz» бірыңғай ақпараттық жүйесіне 14 мектеп қосылып, жұмыс жасауда.

 

 -Робототехника кабинетімен 8 мектеп заманауи жасақталды. Жергілікті бюджеттен 2,4 млн. теңге қаржы бөлініп, Жаңақала мектеп-гимназиясында IT сынып ашылды. Биыл №3 қазақ мектебінде IT сыныбы ашылады деп жоспарланып отыр. Аудандағы 21 мектептің бәрі 100% интернетпен қамтамасыз етілді. Биыл интернет сапасын жақсарту үшін Көпжасар және Жаңажол ауылдарына талшықты-оптикалық байланыс жүйесін тарту жұмысы басталды. Аталған жұмыс жылдың соңына дейін аяқталу көзделген. Балалар қауіпсіздігі үшін 7 балабақша, 14 мектепке бейнебақылау жүйесі орнатылды. Жалпы ауданда 8 мектеп күрделі жөндеуді қажет етеді. Бұл мектептерді жөндеу жұмысын 2020-2024 жылдарға арналған облыстық қаржыландыру жоспары аясында рет-ретімен іске асыру жоспарда бар, - деді Жаңақала ауданының әкімі Н.Қарағойшин БҚО өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңында.