03 Қазан 2019
9

Жаңақала ауданында 365 адам тұрғын үй кезегінде тұр

Биыл Жаңақала ауданы орталығында 182,0 млн. теңгеге 3 қабатты 24 пәтерлік жалдамалы тұрғын үй пайдалануға берілген

 

-Жыл басталғалы Жаңақала ауданы орталығында КПО б.в. қаражаты есебіне 160 орындық дене шынықтыру сауықтыру кешенінің құрылысы басталды. Алдағы жылдарда тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарды тұрғын үймен қамту үшін 2020 жылға аудан орталығынан 3 қабатты 21 пәтерлік, 2021 жылға 2 пәтерлік 40 тұрғын үй салу жоспарлануда. Ауданда 365 адам тұрғын үй кезегінде, 561 адам жеке тұрғын үй салу үшін жер кезегінде тұр, -деді аудан әкімі Наурызбай Қадырбайұлы. Аудан әкімінің айтуынша, жер учаскесін алуға кезекте тұрғандар үшін аудан орталығындағы 204 учаскеге инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым өткізу жоспарда бар.