07 Қазан 2019
135

Спорттық додада сынға түсті

Қайырымдылық айлығы аясында «Қаратөбе» спорт клубында мүмкіндігі шектеулі жандар арасында спорттық шаралар ұйымдастырылды. Ауылдық округтерден келген 50-ге жуық спортшы дойбы, асық ату және үстел теннисі ойындары түрлері бойынша бақ сынады

 

Шараның ашылу салтанатында құттықтау сөз сөйлеген «Ерікті мүгедектер қоғамы» филиалының төрағасы Еркінбек Ғаббасұлы жиналғандарды мерекемен құттықтап, ізгі ниетін білдірді

Спорттық жарыс соңында жеңімпаздарды аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Бақытжан Жүсіпқали мен «Қаратөбе» спорт клубының директоры Екпін Тналиев марапаттап, бағалы сыйлықтар табыс етті. Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған шарада әйелдер арасында үстел теннисінен бақ сынаған Лариса Хасанова (Қоскөл), ерлер арасындағы үстел теннисінен Қасымхан Шоқанаев (Қаратөбе) І орынға ие болды

Ерлер арасында өткен асық атудан І орын Жақсылық Мұқанов (Жусандыой) қанжығасына байлады. Дойбыдан ерлер арасында Ерлан Жәметов (Қоскөл), әйелдер арасында Жазира Әділова (Қаратөбе) үздік атанды.