07 Қазан 2019
146

Мешіт жамағаты арасында спартакиада өтті

Бөрлі ауданының мешіті, аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен және «Аманат-Жайық» қоғамдық қорының қолдауымен Ақсай қаласында ІІ ашық аудандық спартакиада өтті.

Мешіт жамағаты арасында өткен «Діннің тұтастығы – Елдің тұтастығы» атты спорттық жарысқа Бәйтерек, Бөрлі, Теректі және Шыңғырлау аудандарынан командалар келді. Шараға Бөрлі ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Армат Исанов, Орал облыстық мешітінің наиб имамы Самат Алибаев, Тараз қаласының бас имамы Ғазиз Ахмет қатысты.

 

Жарыстың қорытындысында арқан тартудан Теректі ауданы жеңімпаз атанса, Бөрлі ауданы ІІ, Бәйтерек ІІІ орынды еншіледі. Қатысушылар бұдан бөлек қазақ күресі, қол күресі, гір тасын көтеруден сынға түсті.

 

Жалпы командалық есепте Бөрлі ауданы І орынды жеңіп алды. Теректі ауданы ІІ, Бәйтерек ауданы ІІІ орынға ие болды. Жарыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлері «Ақсай» мәдени-бұқаралық, ұлттық ат спорт кешенінің диплом, медальдары және Бөрлі ауданы мешітінің атынан бағалы сыйлықтармен марапатталды.