07 Қазан 2019
125

Теректілік депутаттар аудандық газетті қолдады

Басылымға жазылу науқаны аясында Теректі аудандық мәслихат аппараты ұжымы аудан әкімі Әділ Жоламановтан ауданның төл газетіне жазылу эстафетасын қабыл алды.

 

Аудандық мәслихат хатшысы Әлжан Нұрғалиев және депутаттар бастаманы қолдап, «Теректі жаңалығы - Теректинская новь» қоғамдық-саяси газетіне ұжым болып жазылды. - Ауданның газетін біздер, халық қалаулылары науқан сайын қолдаймыз. Әрбір нөмірдегі мақалаларды оқимыз. Бүгін біздер аудандық, облыстық басылымдарға жазылып отырмыз,- деді мәслихат депутаттары.

Аудандық мәслихат аппараты мен депутаттар эстафетаны жалғастыруды Теректі ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы және экономика және қаржы бөліміне жолдады.