08 Қазан 2019
187

Сырымдық шаруалар күнбағыс оруға кірісті

Сырым ауданының әкімі Төлеген Төреғалиев «Тінәлі» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің күнбағыс алқабында болды.

 

Көктемгі далалық жұмыстар кезінде Қали Ажғалиев жетекшілік ететін «Тінәлі» ЖШС 2000 гектар алқапқа армагедон сортты күнбағыс дәнін еккенін хабарлаған едік. 28 қыркүйектен бастап ору жұмыстары басталыпты. Қазір алқапта 2 дана «John Deree» және 1 дана «Vector» комбайны жүр. Аудан әкімі механизаторлар Нұрлыбек Айтқұлов және Ғарифолла Тастеміровпен кездесіп, олармен еңбек тынысы туралы әңгімелесті.

Сырым аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімінің басшысы Қонысбай Молдағалиевтен алған нақты мәліметке сүйенсек, серіктестік әр гектардан 11 центнер шемекі алып жатыр.