08 Қазан 2019
20

Сырымда 19 шаруашылық асыл тұқымды ірі қара өсіруде

БҚО өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңында Сырым ауданының әкімі Төлеген Төреғалиевпен баспасөз брифингі басталды.

 

 

-Ауыл шаруашылығы саласындағы 694 шаруашылық құрылымында 1 246 адам жұмыс жасауда. Мемлекеттік қолдау нәтижесінде мал шаруашылығын дамытуға және инвестициялық салымдарға барлығы 539,6 млн. теңге субсидия төленді. Мемлекеттік бағдарламаларға қатысқан шаруашылықтар техника паркін жаңартуда да белсенділік танытуда. Жыл басынан бері 33 дана жаңа ауыл шаруашылық техникасы 371,2 млн. теңгеге сатып алынды. Соның ішінде 3 дана «Джон-Дир» тракторы алдағы уақытта егіс көлемін арттыру мақсатында алынып отыр. Шаруашылықтар 80 дана күн панелін орнатты. Алдымызға қойып отырған негізгі мақсатымыз мал шаруашылығын дамыту, соның ішінде етті ірі қара мал басын, яғни асыл тұқымды малды көбейтуге басымдық беріп отырмыз. Бұл бірінші кезекте сапалы мал өнімдерін арттыруға мүмкіндік бермек. Ауданда қазіргі уақытта 19 шаруашылық асыл тұқымды ірі қара малын өсірумен айналысып келеді. Жыл соңына дейін 4 шаруашылық 252,5 млн. теңгеге 330 бас асыл тұқымды мал әкеледі, - деді Сырым ауданы әкімі Т.Төреғалиев.