08 Қазан 2019
51

Сырымдық меценаттар ауылдағы жобаларға 16 млн. теңге аударған

Бұл жайлы Өңірлік коммуникация қызметі өткізген брифингте Сырым ауданының әкімі Төлеген Төреғалиев айтты.

 

 

-Елбасы мақаласынан туындаған «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында азаматтар өз туған жерлеріне демеушілік көмек жасап, тұрғындар игілігіне ойын алаңдары, спорттық алаңдар, жабдықтар сыйға тартты. Бұлан, Қосарал ауылдарында композиция, Талдыбұлақ ауылына кіре беріс белгі, Қызылағаш ауылында балалар ойын алаңы, Алғабас ауылында волейбол алаңы, Қосарал ауылында сыртқы сахна, Шағырлой ауылында спорт алаңы және 3 елді мекенде Street Work Out алаңдары ашылды. Жалпы ауданымыз бойынша жыл басынан бері 16,4 млн. теңгеге демеушілік көмек көрсетілді. Қазіргі уақытта Талдыбұлақ, Қоңыр ауылдарынан спорт алаңдары салынуда. Құрылыс жұмыстарының құны 31,4 млн. теңге. Қосымша 3 спорт алаңдарының жобалық құжаттары дайын. Аудан орталығындағы мәдениспорт кешенінің жобалық-сметалық құжаттамасы дайын, құны – 55,6 млн. теңге,-деді аудан әкімі.