08 Қазан 2019
49

Биыл Сырым ауданында 28 үй, 6 қоғамдық ғимарат пайдалануға берілді

Бұл туралы Өңірлік коммуникация қызметі өткізген брифингте Сырым ауданының әкімі Төлеген Төреғалиев айтты.

 

 

- Биылғы 9 айда аудан бойынша 28 жеке тұрғын үй пайдалануға беріліп, өткен жылмен салыстырғанда 160 пайызға орындалып отыр. Жалпы құны 298,0 млн. теңге. Сонымен қатар, 6 жеке өндірістік қоғамдық ғимарат пайдалануға берілді. Құрылыс жұмыстары аясында 7 елді мекеннің бас жоспары жасақталуда, құны 11,6 млн. теңге. Сонымен қатар, Өлеңті ауылындағы 42 тұрғын үйлер алаңына инженерлік коммуникациялар жүйесін тарту жұмыстарының жобасы жасақталуда. Аудан үшін маңыздылығы жоғары Кеңащы-Жымпиты топтама су желісінің құрылысы бойынша мемлекеттік сатып алу шаралары жүргізілді, келісім-шарт жасақталуда. Бөлінген қаржы 100,0 млн. теңге. Бұл жоба ауыз су мәселесі өзекті болып отырған Жымпиты, Өлеңті елді мекендерін ауыз сумен қамтуға және болашақта жерасты су қоры тапшы 5 елді мекенді (Жырақұдық, Қособа, Шағырлой, Бұлан, Жамбыл) сапалы ауыз сумен қамтуға мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта жобалық-сметалық құжаттар жасақтауға мемлекеттік сатып алу шаралары жүргізілуде,-деді аудан әкімі Төлеген Төреғалиев.