08 Қазан 2019
131

Тасқалада жаңа ескерткіш ашылды

Тасқала аудандық мәдени демалыс орталығының жанындағы тынымбақта жаңа ескерткіш орнатылды.

 

 

Ескерткіш Семей полигонында ядролық сынақтардан зардап шеккендер мен Ауған жерінде қаза тапқан жауынгерлерге, сондай-ақ Чернобыль атом электр станциясын залалсыздандыруға қатысқан азаматтарға арналған. Оның ашылуына аудан әкімі С.Халелов пен БҚО «Чернобыль мүгедектерінің қоғамы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы А.Тайманов, облыстық ерекше тәуекелді солдаттар қоғамдық бірлестігі кеңесі төрағасының орынбасары М.Кулманов, сондай-ақ еңбек ардагерлері, зейнеткерлер, бөлім басшылары мен мектеп оқушылары қатысты.

 

 

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ескерткіштің бой көтеруіне жеке кәсіпкерлер А.Ликеров, А.Мурзағалиев, С.Қаленов пен Ө.Қангереев демеушілік еткен. Салтанатты шарада аудан әкімі Алдияр Сансызбайұлы жиналғандарды ескерткіштің ашылуымен құттықтап, демеушілік танытқан кәсіпкерлерге алғыс хат табыс етті.