09 Қазан 2019
25

Қаратөбе ауданының әкімі құрылыс нысанын аралады

Қаратөбе ауданы әкімі Жанат Асантаев, аудан әкімінің орынбасары Рашит Иманғалиев, аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Рамазан Қыдырашев аудан орталығындағы бірқатар жаңадан салынып жатқан әлеуметтік нысанды аралады.

 

 

Аудан басшысы ең әуелі «Новосел-Строй Сервис» ЖШС мердігер мекеме құрылысын жүргізіп жатқан бір қабатты әкімшілік ғимаратына барды. Құрылыс бригадасының мастері Қ.Арықбаев құрылыстың жұмыс жобасымен таныстырды. Жанат Асылханұлы құрылысшыларға жұмысты неғұрылым сапалы да уақтылы жүргізуді тапсырды

 

 

Сонымен қатар аудан басшысы мектеп-гимназия жанындағы футбол алаңының, «Жазира» балабақшасы айналасында жүріп жатқан қоршау салу, ауылға кіретін тас жол бойына орнатылып жатқан ұзындығы 286 метр ағаш отырығызуға арналған қоршау орнату жұмыстарының, Темір ауылы аумағында іргетасы құйылған үйлердің құрылыс қарқынын көрді.

 

 

Аудан жастарының бастамасымен Талшын әжейге арнап салынып жатықан үйдің құрылысына баса назар аударған Жанат Асылханұлы жұмыс барысында орын алған кемшілікті түзетуге кеңес берді.