10 Қазан 2019
213

Соналыда спорт алаңы ашылды

Қаратөбе ауданының Соналы ауылында спорт алаңы ашылды.

 

 

Спорт алаңының ашылуы салтанатына аудан әкімі Жанат Асантаев, аудандық мәслихат хатшысы Қадыржан Сүйеуғалиев, ауыл ақсақалдары қатысты.

 

 

 

– Спорт алаңының ашылу – ауыл үшін айтулы оқиға. Жастарымыз бос уақытын спортпен шұғылдануға арнап, денелерін шынықтырады,- деп, жастарды салауатты өмір салтын ұстануға шақырды аудан әкімі Жанат Асылханұлы. Жаңа спорт алаңының лентасын ауыл ақсақалдары Абай және Уахит аталар қиды.

 

 

Бұдан соң жаңа алаңда 4 команда қатысқан шағын футболдан жарыс өтті. Жарыс нәтижесінде Сулыкөл мектебінің оқушылары – І, Соналы мектебінің шәкірттері – ІІ, Б.Аманшин атындағы мектептің командасы ІІІ орынды иеленді. Жеңімпаздарға диплом мен бағалы сыйлықтар табысталды.