11 Қазан 2019
128

Қазталовта қайырымдылық айы аясында фестиваль өтті

Қайырымдылық айлығы шеңберінде бүгін Қазталов аудандық мәдениет үйінде мүмкіндігі шектеулі жандар арасында фестиваль өтті.

 

 

Мәдениет үйінің фойесінде жаны жүдеу жандардың қолынан шыққан көрмелер көздің жауын алды. -Мүмкіндігі шектеулі жандардың өмір сүру сапасын жақсарту үшін тұрақты түрде түрлі шаралар өткізіліп, көмек көрсету арқылы жан-жақты қолдау жасалуы тиіс. Рухани тұрғыда да қолдау білдіру маңыздырақ. Бұның аясында біз «Қайырымдылық керуенін» ұйымдастырып жатырмыз. Бір ай ғана емес, жыл бойы жақсылық жасау – біздің апарызымыз, - деді аудан әкімінің орынбасары Зәйлім Мәжитова.

 

 

-Фестиваль ерекше күтімді қажет ететін жандардың бойындағы талантты ашуға мүмкіндік береді. Қатысушылар әр ауылдық округтен жиналды. Үміткерлерге бұл жай ғана байқау емес. Ең алдымен әлеуметтік ортаға бейімделіп, әр түрлі адамдармен тілдеседі. Жаңа достар тауып, алған әсерлерімен бөліседі. Аталған шараға олар жыл бойы дайындалады. Біз әркез қолдауға әзірміз, - деді әділқазы алқасының төрағасы Мирлан Нағымұлы.

 

 

Фестиваль нәтижесінде «Көркем сөз» аталымынан Қансұлу Сапарова (аудандық арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы), «Үздік қолөнерден» Дастан Шулимов (Қошанкөл), «Музыкалық аспапта ойнауда» Жексенғали Қойшыбаев (Тереңкөл), «Эстрадалық вокалда» ақпәтерлік Қаныбек Мусин иеленіп, облыстық фестивальге жолдама алды. Барлық қатысушылар алғыс хат, сыйлықтармен марапатталды.