14 Қазан 2019
43

Зачаган кентінде 805 отбасыға әлеуметтік көмек көрсетілген

Бүгін Зачаган кентінің әкімі Әділбек Қадыров 9 айда атқарылған жұмысты баяндап, баспасөз брифингін өткізді.

 

 

-Қазір кентте – 52 130 адам тұрады. Барлығы 13 шағынаудан мен 1 елді мекен бар. Жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік жәрдемақы қаңтардан бері 805 отбасыға  берілді. Отбасыларға материалдық көмек те көрсетілді. Аз қамтылған 113 отбасыға 731 мың 700 теңгеге азық-түлік алып берілді. «БатысСервисПлюс» ЖШС әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардың балаларына киім-кешекпен көмектесті. Зачаган кентіндегі ерікті студентер тыл ардагерлері мен жалғызбасты аналарға қолғабыс етті,- деді кент әкімі.