14 Қазан 2019
52

Түлектер 40 түп қарағай отырғызды

Қаратөбе ауданындағы Мұхит атындағы мектепті 1979 жылы аяқтаған түлектер басқосты.

 

 

Аудандық аумақтық инспекцияның басшысы Рүстем Әлжановтың бастамасымен мектепті бітіргендеріне 40 жыл болған түлектер сүйікті мектебіне барды. Ауласына 40 түп қарағай ағашын отырғызды. Ағаштарды мектеп түлегі Рүстем Құсанұлы Ақтөбе облысының Ойыл ауданынан әкеліпті. Оның үстіне тағы да жиырма түбін өзі басшылық ететін мекеменің 20 жылдығына арнайы әкелген. Оны мекеме қызметкерлері түлектермен бірге мектеп маңына отырғызды. Жалпы 60 түп қарағай ағашы егілді.

 

 

Түлектер шілде айында ауылдағы және қалада тұратын қымбатты ұстаздарын шақырып, Орал қаласында кездесу ұйымдастырған екен. – Ауылдан жырақтап кетсек те қашан да туған жерге келуге асығамыз. Ескі мектепте оқып білім алып, 1978 жылдың сәуір айында жаңа екі қабатты мектепке қоныс аудардық.

 

 

Бүгін мектеп ауласына тал егуге сыныптастарымыздың біразы келген. Бір-бірімізді көріп қуанып қалдық. Мектебіміз көркейіп, гүлдей берсін деген ниетте бізде қырық жылдыққа естелік ретінде өз үлесімізді қосып жатырмыз,- дейді түлек Алтай Сариев.