15 Қазан 2019
178

Бәйтеректе 21 жер телімі ауданның жер қорына қайтарылған

Бұл жайлы БҚО өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында Бәйтерек ауданының әкімі Асхат Шахаров айтты.

Ауданың жер қатынастары бөлімі 13 мемлекеттік қызмет көрсетеді. Бөлім жыл басталғалы 2 297 мемлекеттік қызмет көрсеткен. -  Мақсатымен пайдаланылмай жатқан жерді қайтару мақсатында аудандық комиссия құрылып, шаруа қожалығы жетекшілерімен кездестік. Жыл басынан жер телімін беру жөніндегі жер комиссиясының 30 отырысы өтті. Нәтижесінде пайдаланылмай жатқан 13 728 гектар (соның ішінде 7351 га. сот шешімімен қайтарылды) 21 жер телімі ауданның жер қорына қайтарылды. Көлемі 5 684 гектар 14 жер телімі конкурс арқылы жалға берілді. Коммерциялық бағытта 5,69 гектар 12 жер телімін zem.kz республикалық порталында 3 аукцион өткізілді. Нәтижесінде 4,3291 га. 6 жер телімі сатылып, мемлекеттік бюджетке 11 678 736 теңге қаражат түсті, - деді А.Шахаров.