17 Қазан 2019
120

Жәнібекте 365 шаруа қожалығы бар

БҚО Өңірлік коммуникация қызметінің баспасөз алаңында Жәнібек ауданының әкімі Азамат Сафималиевтің баспасөз брифингі өтті.

 

 

- Ауданда 365 шаруа қожалық бар. Биыл пайдаланылып жатқан жайылымдық жер көлемі - 388 904 гектар. Сонымен қатар 4 ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі жұмыс жасауда. Олар 4 500 гектар жайылымдық жерді пайдалануда. Ауданда егістікпен айналысатын «Елнұр» шаруа қожалығы биыл 100 гектар жерге арпа дақылын отырғызды. Округтерге конкурс нәтижесінде 15 603 гектар жер телімі берілді. Жаңадан 20 шаруа қожалығы ашылып, оларға 15 130 жер телімі және 1 ЖШС-ға 500 гектар суармалы егістік жер берілді. Үш шаруа қожалығы және бір ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі иесінің жер телімін кері тапсыру жөнінде өтініші қаралып ауданның арнайы жер қоры есебіне 7 559 гектар жер қайтарылды, - деді Жәнібек ауданының әкімі.