17 Қазан 2019
117

Жәнібектің 27 шаруа қожалығы күн батареясын орнатқан

Биыл Жәнібек ауданынан Армения Республикасына 999 тонна, Ресей Федерациясына 79,76 тонна қой еті экспортталған.

Бұл жайлы аудан әкімі Азамат Сафималиев БҚО Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте айтты. -Жыл басталғалы 111 шаруа қожалығы 349 бас асыл тұқымды бұқа, 7 шаруа қожалық 150 бас асыл тұқымды қошқар сатып алды. Мал қыстағына дайындық ойдағыдай. Ауылдық округтерде 214,10 мың га. жер шабылып, 104,91 мың тонна өнім алынды. Биыл 27 шаруа қожалық 72 млн. 900 мың теңгеге 27 күн батареясын қондырып, 58 млн. 320 мың теңге субсидия алды. 29 шаруа қожалық 62 млн. теңгеге 31 құдық соқтырды. Сонымен қатар 48 шаруа қожалық 28 млн. 800 мың теңге субсидияға 48 тұрақты ток тарту агрегатын сатып алды, - деді А.Сафималиев.