18 Қазан 2019
181

Ақсайда бокстан дәстүрлі халықаралық турнир басталды

Бөрлі ауданында аудандық бокс федерациясының 20 жылдығына орай «Достық – Дружба» кубогы сарапқа салынатын дәстүрлі ХХІІ халықаралық турнир өтуде.

 

 

Бөрлі ауданында аудандық бокс федерациясының 20 жылдығына орай «Достық – Дружба» кубогы сарапқа салынатын дәстүрлі ХХІІ халықаралық турнир өтуде.

 

 

Аудан басшысы қатысушыларды құттықтап, сәттілік тіледі. Турнирге 15 команда қатысуда. Атап айтқанда Ресей Федерациясы, Өзбекстан, Беларусь елдері, Атырау мен Ақтөбе, Орал қаласы, Қазталов, Шыңғырлау, Бөрлі ауданының командалары бар.

 

 

 

Жарыс 20 қазанға дейін жалғасып, жеңімпаздар сол күні анықталмақ.