18 Қазан 2019
171

Бөрлі ауданының әкімі ауылдық округтерді аралады

Аудан әкімі Миржан Сатқанов Успен, Жаңаталап, Димитрова, Қарашығанақ, Жарсуат ауылдарында болып, ауылдардың мектептерін, мәдениет үйлерін, фельдшерлік-акушерлік пункттерін, кітапханаларын аралап, жұмыс барысымен танысты.

 

 

Успен ауылынан басталған жұмыс сапары Қаракемер жерінде мал шаруашылығымен айналасып отырған «Нұр» шаруа қожалығымен, Димитрова, Қарашығанақ секілді ауылдық округтермен танысумен жалғасты. Жаңаталап ауылының хал-жайымен танысқаннан кейін Миржан Сатқанов ауылдың қарияларымен жүздесті. Жиын барысында аудан әкімі: «Біздің бүгінгі мамыражай күніміз сіздердің өлшеусіз еңбектеріңіздің арқасы. Сіздердің тілектеріңіз бен тәрбиелеріңіз ұрпақты бақытқа бастайтын жол. Баршаңызға тек денсаулық тілеймін»,-деп жылы лебізін жеткізді.