19 Қазан 2019
206

Ақжайық ауданындағы гимназияға 25 жыл

 

 

Салтанатты шарада алдымен мектеп директоры Светлана Оразова сөз сөйлеп, жиналғандарды мерекелерімен құттықтап, ширек ғасырда қол жеткізген биіктеріне тоқталды. Салтанатты жиында білім ордасының алғашқы директоры Дәулетжан Жақсыбаев сөз сөйлеп, қиын-қыстау жылдары құрылған мектепте жанкештілікпен еңбек еткен әріптестері мен бүгінгі ізбасарларына алғыс білдірді. Гимназияның алғашқы түлектері атынан сөз алған Нұрлы Алдиярова әр жылы қанат қаққан түлектер атынан 25 жылдыққа 25 шырша тарту етті.

 

 

Абай атындағы мектеп-гимназияның құрылғанына 25 жыл толу мерейтойына орай, аудан әкімі Қ.Айтмұхамбетов білім ордасының ұжымы мен ардагер ұстаздарын қабылдап, мерекелерімен құттықтады. Ардагер ұстаздар ширек ғасыр тарихы бар гимназияның құрылғанынан бергі басынан өткен қызықты оқиғаларымен бөлісіп, көкейдегі ұсыныстарын айтты.

 

 

Одан әрі шара мектеп ұжымы ұйымдастырған мерекелік концертке ұласты. Концерттен кейін келер жылы құрылысы аяқталатын жаңа гимназия ғимаратының алдына түлектер тарту еткен шыршалар отырғызылды.