18 Қазан 2019
171

Теректіде жас сарбаздар ант берді

Теректі ауданы Шаған мектебінде оқу жылының басында ашылған "Жас сарбаз" сыныбының әскери ант қабылдау жиыны өтті.

 

 

Шараға аудан әкімі Әділ Жоламанов, аудан әкімінің орынбасары Армат Байғазиев, аудандық білім беру бөлімінің басшысы Жанаргүл Хусаинова, аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім баасшысы, майор Қыдырбек Бегманов, "Жас сарбаз" жасөспірімдер әскери-париоттық қозғалысы" республикалық қоғамдық бірлестігі облыстық филиалының төрағасы Шафхат Жумалиев, ұстаздар мен ата-аналар қатысты.

 

 

Ең алдымен жас сарбаздар облыстық "Сокол" әскери бөлімінің үрмелі аспаптар оркестрінің сүйемелдеуімен сап түзеп, алаңға шықты. Әскери ант қабылдау рәсімінде Әділ Тауфикұлы, Қадырбек Төребекұлы және Шафхат Қанатұлы 26 оқушыға "Жас сарбаз" куәлігін табыс етті. Ант қабылдаған шәкірттерге аудан әкімі Әділ Жоламанов сәттілік тілеп, үлкен сенім артатынын жеткізді. Шәкірттер «Жас сарбаз» әнұранын орындап, вальс биледі. Жиын соңында тәрбиеленушілер саптық жаттығулар жасап, әскери дайындықтарын көрсетті.