21 Қазан 2019
252

Теректiде кəсiподақ ұйымының аймақтық форумы ɵттi

Теректі ауданына қарасты Ақжайық шипажайында БҚО мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлері салалық кәсіподағының "Қазақстан Кәсіподақтар күні" мерекесіне орай "Әлеуметтік серіктестікті дамыту: аймақтық даму ерекшеліктері" тақырыбында аймақтық форум өтті.

 

 

Форумға "Мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы" қоғамдық бірлестігінің төрағасы Мирболат Жақыпов, осы бірлестіктің Ақтөбе облыстық филиалының төрайымы және кәсіподақ мүшесі Мутарита Сағындықова, Атырау облыстық филиалының төрағасы Шыңғыс Абилов, Маңғыстау облыстық филиалының төрайымы Дина Адаева, "БҚО-ның Кәсіподақтар Орталығы" аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрайымы Айгүл Есекенова, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің БҚО бойынша департаментінің басшысы Ғалым Тұрсынбаев, ҚР Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясының БҚО филиалының директоры Жанболат Даухарин, облыстық кәсіподақ ұйымының президиум мүшелері, аудандық және бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағалары және төрайымдары, кәсіподақ мүшелері қатысты.

 

 

Әлеуметтік әріптестік шеңберінде өзекті мәселелерді шешу, кәсіподақтың міндеттері мен мақсаттарын жүйелеу, кәсіподақ мүшелерінің құқығын қорғау, қолдау, жүйелі оқыту, еңбекті қорғауда қоғамдық бақылау жүргізу жүйесін жетілдеру мақсатында өткен форумда әр аймақтан келген меймандар баяндама оқып, атқарған жұмыстарын ортаға салды.

 

 

Форум соңында "Мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы" қоғамдық бірлестігінің төрағасы Мирболат Хабиұлы кәсіподақ қозғалысына және әлеуметтік әріптестікті дамытуға белсенді қатысқан бір топ кәсіподақ мүшелерін марапаттады. "Құрмет грамотасын" иеленген белсенді қызметкерлер қатарында ҚР мемлекеттік қызмет істері агенттігінің БҚО бойынша департаментінің басшысы Ғалым Тұрсынбаев, Теректі ауданының әкімі Әділ Жоламанов, ҚР Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясының БҚО бойынша филиалының директоры Жанболат Даухарин, БҚО әкімдігінің әдеп жөніндегі уәкілі Жанар Жұмағазиева, Сырым аудандық мемлекеттік мекемелер салалық кәсіподағының төрағасы Муса Шалабаев, Маңғыстау облысы Қарақия ауданы әкімдігінің бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Светлана Әшірова, Ақтөбе облысы Ойыл аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы, Ойыл ауданы әкімінің орынбасары Мұратбай Айдарбаев, Ақтөбе облысы Ырғыз аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы, Ырғыз ауданы әкімінің орынбасары Ақалмас Тұртаев бар. ҚР Президенттігіне кандидат А.Таспиховтың алғыс хатымен Альберт Сафулин мен Бауыржан Имашев Форум соңында "Мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы" қоғамдық бірлестігінің төрағасы Мирболат Хабиұлы кәсіподақ қозғалысына және әлеуметтік әріптестікті дамытуға белсенді қатысқан бір топ кәсіподақ мүшелерін марапаттады. "Құрмет грамотасын" иеленген белсенді қызметкерлер қатарында ҚР мемлекеттік қызмет істері агенттігінің БҚО бойынша департаментінің басшысы Ғалым Тұрсынбаев, Теректі ауданының әкімі Әділ Жоламанов, ҚР Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясының БҚО бойынша филиалының директоры Жанболат Даухарин, БҚО әкімдігінің әдеп жөніндегі уәкілі Жанар Жұмағазиева, Сырым аудандық мемлекеттік мекемелер салалық кәсіподағының төрағасы Муса Шалабаев, Маңғыстау облысы Қарақия ауданы әкімдігінің бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Светлана Әшірова, Ақтөбе облысы Ойыл аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы, Ойыл ауданы әкімінің орынбасары Мұратбай Айдарбаев, Ақтөбе облысы Ырғыз аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы, Ырғыз ауданы әкімінің орынбасары Ақалмас Тұртаев бар. ҚР Президенттігіне кандидат А.Таспиховтың алғыс хатымен Альберт Сафулин мен Бауыржан Имашев.  

 

 

Форумға қатысушылар үзілістен соң, ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясының БҚО бойынша филиалының маманы Лаула Нарушеваның тренингіне қатысты.