21 Қазан 2019
150

Қаратөбеліктер қарияларға құрмет көрсетті

Қайырымдылық айына орай қаратөбеліктер Орал қаласындағы арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығына барды.

 

 

Қарияларға концерттік бағдарлама ұсынып, дастархан жайылды. Шарада аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Бақытжан Жүсіпқали қариялардың дендеріне саулық тілеп, лебізін білдірді.

 

 

Дастархан басында көрсетілген сый құрметке риза болған қариялар емен-жарқын әңгіме айтып, ауылдың тыныс-тіршілігінен хабардар болды. Аудандық мүгедектер қоғамының төрағасы Еркінбек Жәнібеков аудандағы жаңалықтарды айтып, ауданның əлеуеті дамып келетінін тілге тиек етті. Қарияларға сыйлық берілді. Концерттік бағдарлама Круглоозорный арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында жалғасты. Айта кетейік, қазір қарттар үйінде 21, Круглоозорный арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында 9, ал Көшім арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында 3 қаратөбелік бар.