22 Қазан 2019
186

Жаңақалалық волейболшылар жеңімпаз атанды

Жаңақала ауданында волейболдан ерлер арасында Батыс Қазақстан облысының күзгі чемпионаты өтті.

 

 

Чемпионатқа Ақжайық, Бөрлі, Бөкей ордасы, Жәнібек, Теректі, Қаратөбе аудандарынан 6 команда қатысты. Жарыстың ашылу салтанатында аудан әкімінің орынбасары Ақнұрлы Нұрғалиқызы барша спортшыларға сәттілік тілеп, бұқаралық спортты қолдауға шақырды. Жайық волейбол клубының орынбасары, жарыстың бас төрешісі Дастан Есекенов жарыстың ашылуымен құттықтап, жас спортшыларға доп сыйға тартты. Жарыстың қорытындысында Жаңақала ауданы І орын алды. Ал Қаратөбе ауданы ІІ орынға, Жәнібек ауданының командасы ІІІ орынға қол жеткізді. Нұрлыбек Сисенбаев «Үздік ойыншы» (Жаңақала ауданы), Бекзат Досымов «Үздік шабуылшы» (Жәнібек ауданы), Нұржан Сейтқалиев «Үздік байланыстырушы» (Жәнібек ауданы), Нұрбек Сұпығалиев «Үздік қорғаушы» (Жаңақала ауданы) Қайрат Төлешов «Үздік тосқауыл қоюшы» (Қаратөбе ауданы) аталымына лайық деп танылды. Жүлделі спортшылар Батыс Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының кубоктары, дипломдарымен марапатталды.