23 Қазан 2019
293

Сырымдық балуан әскери самбодан ел чемпионы атанды

Қарағанды облысы Теміртау қаласында әлем чемпионы Балтабек Кызметті еске алуға арналған 1999-2000 жылы туған жастар арасында әскери самбодан ҚР Чемпионаты өтті.

 

 

Сырымдық Нұрдәулет Меңдіғали 48 келі салмақ дәрежесінде чемпион болып, әскери самбодан спорт шебері атағын қорғады. Нұрдәулет чемпионатта 3 жекпе – жек өткізген. Финалда қостанайлық қарсыласын 4:12 ұпай санымен уақытынан бұрын жеңіп, өзінің мықты екенін дәлелдеді. Жас чемпион күрес әліппесін Ж.Досмұхамедов атындағы мектеп – балабақшада білім алып жүрген кезінде жаттықтырушы Айбол Оразғалиевтен үйренді. Кейін ұстазының жолымен Алматы қаласындағы Қазақтың спорт және туризм академиясына оқуға түсті. Қазір академияның ІІ курсында оқитын Нұрдәулет Аслан Ташировтың залында жаттығып жүр.