24 Қазан 2019
369

Байқау жеңімпазымен кездесті

Жәнібек ауданы әкімі Азамат Сафималиев жуырда Теректі ауданында өткен «Asyl ana - 2019» көп балалы аналар байқауының жеңімпазы Мейрамгүл Құсеновамен кездесті.

 

 

Аудан әкімі халық санының өсуіне, дамуына үлес қосқаны үшін алғыс айтты. - Аталған байқау жоғары дәрежеде өтті. Байқаудың жүлдегерлеріне қаржылай демеушілік білдірген «Теректі» және «Uniserv» ЖШС-ға алғысымды білдіремін, - деді жас ана Мейрамгүл Памирқызы. Қабылдауда М.Құсеноваға аудан әкімінің алғысхаты мен сый-сияпаты табысталды.