24 Қазан 2019
359

Бәйтеректе «Nur Otan» партиясы аудандық филиалының семинар-кеңесі өтті

Бәйтерек ауданында «Партияның жұмысын жүйелі жаңғырту. «Сенім. Диалог. Болашаққа нық қадам – «Nur Otan» партиясының 7 серпіні» тақырыбына «Nur Otan» партиясы Бәйтерек аудандық филиалының бастауыш партия ұйымдарымен семинар-кеңесі өтті.

 

 

Филиал төрағасы, аудан әкімі Асхат Шахаровтың төрағалығымен өткен кеңес жұмысына партия белсенділері, бастауыш партия ұйымдарының төрағалары қатысты. Күн тәртібіне орай қатысушылар алдында филиал төрағасы Асхат Берлешұлы хабарлама жасады. - 2019 жылғы 21 тамыз күні елордада Елбасы, «Nur Otan» партиясының төрағасы Н.Назарбаев дамудың діңгегі - саяси тұрақтылық пен қоғамдық келісім деген еді. Кеңейтілген отырыста Елбасы «Nur Otan» партиясының жұмысын жаңғырту жөнінде сөз қозғап, партияның сайлауалды бағдарламасы мен съездерде қабылданған шешімдердің орындалу барысына тоқталып, партия алдына үлкен міндеттер жүктеді. 2050 жылға дейін қабылданған бағдарламада Қазақстанның дамыған 30 елдің қатарына қосылу мақсаты тұр. 2015 жылдан бері 5 институционалдық реформа, «100 нақты қадам» бағдарламасы аясында ауқымды жұмыстар атқару күн тәртібінен түскен емес. Осы бағытта «Nur Otan» партиясы мен Үкімет бірлесіп жұмыс істеуі қажет екендігін айтып, Елбасы – Тұңғыш Президент алдағы сайлаулардың алдында партияның жұмысын жүйелі жаңғырту бағдарламасын ұсынып, оны «Сенім. Диалог. Болашаққа нық қадам - «Nur Otan» партиясының 7 серпіні» деп атады, - деді аудан әкімі А.Шахаров. Одан соң «Белес» бастауыш партия ұйымының төрағасы Азамат Майемер хабарлама жасады. Семинар аясында биыл 9 маусымында өткен Қазақстан Республикасының Президентінің сайлауында «Nur Otan» партиясы Бәйтерек аудандық филиалы жанынан құрылған сайлауалды штабының белсенді мүшелеріне ҚРның Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың алғыс хаттарын А.Шахаров салтанатты түрде табыс етті.

 

 

Бастауыш партия ұйымдары арасында өткен байқау қорытындысы да жария етілді. «Макаров» бастауыш партия ұйымы және «Дариян» бастауыш партия ұйымдары облыстық байқауға жолданса, «Янайкин» бастауыш партия ұйымы да байқауға қатынасып, белсенділік көрсетті. Аудандық филиал төрағасының бірінші орынбасары Тілекбай Төлепқалиев бастауыш партия ұйымдары төрағаларына алғыс білдіріп, сыйлықтар табыс етті. «Nur Otan» партиясының «Ардагерлерді ардақтайық!» партиялық жобасы аясында әрбір бастауыш партия ұйымында белсенділік көрсетіп, ортақ іске үлестерін қосып жүрген партияластарға да «Nur Otan» партиясы атынан сыйлықтар ұсынылды.