25 Қазан 2019
110

Қазталовта бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтті

Бүгін Қазталов ауданы орталығында бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтті.

 

 

Жәрмеңкенің ашылуында аудан әкімінің орынбасары Зәйлім Мажитова: - Ауданда жұмыссыздар санын азайту мақсатында және көп балалы отбасыларға қолдау ретінде түрлі бағдарлама жүзеге асуда. Бүгінгі жәрмеңкеге қатысушыларға сәттілік тілеймін, - деді. Жәрмеңкеде 42 жұмыс беруші 175 бос жұмыс орынын ұсынса, 142 адам жұмыс іздеп келді. Сонымен бірге жәрмеңкеде аудан жастары "Жастарға кеңес" бұрышын ұйымдастырып, жастардың сұрақтарына жауап берді. Жәрмеңке барысында байқағанымыздай, бүгінгі күнде мемлекеттік қызмет, автокөлік, жүргізуші, есепшібухгалтер, орыс тілі мұғалімі, малшы, сантехник секілді мамандарға сұраныс жоғары. Нәтижесінде тұрақты және уақытша жұмысқа 17, әлеуметтік жұмыс орындарына 33, жастар тәжірибесімен 9 және қысқа мерзімді кәсіптік оқуға, ақылы қоғамдық жұмысқа – 43 адам жолданды.