29 Қазан 2019
151

Шыңғырлауда облыстық күйшілер байқауы өтті

Байқау шыңғырлаулық ҚР-ның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақ Ұлттық өнер университетінің домбыра кафедрасының ұстазы, профессор, күйші, композитор Орынбай Дүйсеннің шығармашылығына арналды.

 

 

«Бапас», «Қосбасар», «Қосағалы Байжұма» тағы басқа күйлердің авторы Орынбай Кәріғұлұлының шығармашылығын насихаттауға бағытталған байқауға 11 үміткер бақ сынады. Сайыстың бірінші кезеңінде қатысушылар Орынбай Дүйсеннің күйлерін, ал екінші кезеңде жерлес күйшінің репертуарынан халық күйлерін орындады.

 

 

Айта кетейік, күйші Орынбай Дүйсен домбырашылар додасына арнайы қатысып, қазылық етті.

 

 

Шара соңында аудан әкімі Ержан Тұрмағамбетов байқауға қазылық еткен қазылар алқасы мен қатысушыларға алғысын білдірді. Байқауда бас жүлде Шыңғырлау аудандық саз мектебінің оқытушысы Азамат Қалиевқа бұйырып, 200 000 теңге қаржылай сыйлыққа ие болды. І орын Орал қаласынан келген Әділбек Қодароқа (150 мың теңге) бұйырды. Мұхадияр Таңатаров пен Мирас Мукаримов ІІ орынды (100 мың теңге) бөліссе, Әділет Жолдығали, Бану-Сара Назым, Әлихан Сүйінғалиев ІІІ орынға (50 мың теңге) ие болды.