30 Қазан 2019
142

Сырымдық грэпплингшілер Дағыстаннан жүлделі оралды

Дағыстан Республикасының Дербент қаласында өткен Ultimax Fight Night халықаралық турнирінде «Muharib Top Team» клубының мүшесі, сырымдық грэпплингші Марат Шерғалиев өзінің тұңғыш кәсіпқой кездесуін өткізіп, жеңіске жетті.

 

 

Әлем чемпионатының күміс жүлдегері, ресейлік Казимогамед Сулеймановпен болған жекпе-жекті өз пайдасына аяқтаған Марат 70 келі салмақ дәрежесінде турнирдің абсолюттік чемпионы атанды әрі қарсыласының чемпиондық белбеуін өзіне иемденді.

 

 

Осы жарыста Мараттың ағасы Артур Шерғалиев те грэпплингтен әлем чемпионы, дағыстандық Мухаммад Курбановпен «тордың ішінде төбелесіп», күміс жүлдегер атанды.