31 Қазан 2019
54

Қазталовта облыстық «КТА» ойындары өтті

Қазталов ауданында Жастар жылына орай аудан әкімінің кубогі үшін облыстық «КТА» ойыны өтті.

 

 

Бұл сайысқа «ҚазИИТУ жастары», «Космос», «Дежавью», «Жайық» (Орал), «Квартал» (Ақсай), «Папасының қыздар» (Бөкей орда), «4 саусақ» (Қазталов), «Ерекше жандар», «Статус» (Ақжайық), «Қаратөбе құрамасы» (Қаратөбе), «Жаңақала жастары» (Жаңақала) командалары қатысты.

 

 

Ойын соңында аудан әкімінің орынбасары Зәйлім Исатайқызы қатысқан құрамалардың барлығына алғыс білдіріп, жастардың шығармашылығына табыс тіледі. Ұтқыр әзіл, мағынасы терең көрініспен қалың көрермендерді риза еткендеріне, алдағы уақытта бұдан да жақсы ойын нәтижесін көрсетініне сенім білдірді.

 

 

Сайыс нәтижесінде І орынды «Ерекше жандар» Ақжайық ауданы, ІІ орынды Орал қаласының командасы «Дежавью» иеленсе, ІІІ орынды Қаратөбе ауданының «Қаратөбе құрамасы» қанжығалады. Сонымен қатар «Үздік ойыншы» аталымын Ақсай қаласының «Квартал» құрамасының ойыншысы Манас Қуатов иемденді.