31 Қазан 2019
308

Қаратөбеде қазақ күресінен республикалық турнир мәреге жетті

Қаратөбе ауданында 2006-2007 жылы туған жасөспірімдер арасында қазақ күресінен тұңғыш абсолюттік чемпион Еңсеп Досқалиевті еске алуға арналған республикалық турнир аяқталды.

 

 

Аталмыш турнирге көршілес Ақтөбе, Атырау облыстарынан, облыс орталығы Орал қаласынан, облыс аудандарынан 8 түрлі саламақ дәрежесі бойынша жалпы саны 220-ға тарта жас палуан қатысты.

 

 

Батыс Қазақстан облысы Қазақ күресінің вице президенті Артур Шерғалиев турнирде бас төреші болды. Жарысқа қатысушы жас палуандардың белдесулерінде сырымдықтардың бәсі жоғары болды. Одан кейін Орал қаласынан, Шыңғырлау ауданы мен Атырау, Ақтөбе облысынан қатысқан палуандардың күресі тартымды өтті.

 

 

Жасөспірімдер арасындағы доданың қорытындысында 26 және 29 келі салмақ дәрежесінде сырымдық палуандар Аманқос Талғат пен Дәулет Әлихан жеңімпаз атанса, ал атырулық Әлішер Мұтиғалымов 32 келіде, шыңғырлаулық Нұрдәулет Қылышбай 35 келіде топ жарды. Палуандар арасындағы 38 келі салмақта бәйтеректік Дамир Әдиетәлиев, 42 келіде ақтөбелік Кенжеғали Нұргелді, 46 келіде ақтөбелік Садуақас Ернат, 50 келіде сырымдық Серік Дәулет турнир жеңімпазы атанды. Жеңімпаздар дипломдар мен бағалы сыйлықтармен марапатталды.