31 Қазан 2019
164

Жымпитыда үш қабатты тұрғын үйдің құрылысы қарқынды жүруде

Бүгін Сырым аудандық мәслихат хатшысы Шынар Дүйсенғалиева бастаған мәслихат депутаттары мен қоғамдық кеңес мүшелері аудан орталығы Жымпитыда салынып жатқан үш қабатты тұрғын үйдің құрылыс жұмысын бақылап қайтты.

 

 

Құны 410 млн. 297 мың теңгені тұратын үш қабатты үйдің құрылысын «БатысКотлоМонтаж» ЖШС жүргізуде. Құрылыс 25 шілде күні басталған еді. Мұндағы 36 пәтердің 18-і екі бөлмелік, қалған жартысы үш бөлмелі. Әр пәтердің аумағы орта есеппен 66 шаршы метр.

 

 

Бүгінде үйдің соңғы қабаты тұрғызылуда. Ішкі сылау, еденін құю, төменгі қабаттан бастап есік-терезелерін орнату жұмыстары жүргізілуде. Үй келесі жылы пайдалануға беріледі.