01 Қараша 2019
379

Қаратөбеде Әбіш оқулары өтті

Қаратөбе ауданындағы Мұхит мектебінде оқушылары арасында аудандық Әбіш оқулары байқауы өтті

Байқаудың басты – мақсаты Әбіш Кекілбаевтың шығармаларын насихаттап, жазушының рухани мұрасына оқушылардың сүйіспеншілігін ояту.

Рухани байқауға 40-қа жуық оқушы қатысты. Дарынды оқушылар «Иллюстрациялық суреттер», «Мәнерлеп оқу», «Шығармашылық жұмыс», «Сахналық қойылым» атты төрт бағыт бойынша бақ сынады. Әбіш мұрасын насихаттаушыларға сахна мәдениетін меңгеруі, сахналық киімдері және сөйлеу мәнеріне жоғары талап қойылды

Сайыс қорытындысында «Сахналық қойылым» бағытынан І орынды Үшағаш мектебінің командасы, «Иллюстрациялық сурет салудан » бас жүлдені Қалдығайты мектебінің оқушысы Ақбота Құспанова еншіледі. Ал «Зерделеу жобасын » І орынды Қаратөбе мектеп-гимназиясының оқушысы Асылжан Сайкомова, «Мәнерлеп оқу» бағытынан бас жүлдені Қаратөбе мектеп-гимназиясының оқушысы Жібек Сағындық жеңіп алды.

Байқау жеңімпаздары аудандық білім беру бөлімінің дипломдармен марапатталды.