04 Қараша 2019
153

Жерлестерін еске алды

Бәйтерек ауданы Дариян ауылында БҚО каратэ-додан балалар ассоциациясының президенті Тарас Қуанғали мен аталмыш мектептің дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі, каратэ-додан бірнеше мәрте спорт шебері, жаттықтырушы Самат Жексенғалиевтің ұйымдастыруымен, жергілікті әкімшілік пен балалар модельді кітапханасы жанындағы «Шабыт» коворкинг орталығының қолдауымен каратэ-додан спорт шебері Дана Өтеғалиеваны еске алуға арналған ашық турнир өтті.

 

 

Сайыстың ашылу салтанатында Дариян ауылдық округі әкімінің  орынбасары Нұрлан Ажиев жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі. Сондай-ақ Дариян мектеп-гимназиясы директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Самал Исмағұлова сүйікті шәкірттері болған Дана Ерболқызы туралы естеліктер айтып, турнирдің өтуіне демеушілік танытқан ауыл жастарына алғысын жеткізді. Сонымен қатар марқұм Дана Өтеғалиеваның ата-анасы Ербол және Нұрия Өтеғалиевалар қыздары Дананы еске алуға арналған сайысты ұйымдастырушылардың барлықтарына ризашылықтарын білдіріп, тамашалауға жиналған көрермендер мен балғын спортшыларға тілектерін арнады.

 

 

Жарысқа Орал қаласындағы №44 мектептің жас спортшылары қатысып, көңіл қуантарлық нәтижеге қол жеткізді. Атап айтар болсақ, 6-9 жас аралығында бақ сынағандар арасында М.Қадырғали, Ә.Жәлел, Е.Оңғар, Д.Сабыртай, М.Армат жеңімпаз атанды. 9-14 жас аралығындағы салмақтағы спортшылар Н.Уағиулла, Ғ.Ману, Ш.Сағындық, Д.Ибрашева, Ә.Шоқанов, Н.Айтмағамбет, Л.Ержігіт, А.Өтеулі І орынға қол жеткізді. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге медальдар мен дипломдарды Дариян ауылдық округі әкімінің орынбасары Нұрлан Ажиев, Ербол Өтеғалиев  табыстады.