06 Қараша 2019
202

Тұтынушылар құқығын білуі қажет

Бүгінгі таңда облысымызда тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласында халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру бойынша іс-шаралар жүргізілуде. Шара бүгін Бәйтерек ауданында жалғасты. Оған «БҚО тұтынушылар құқықтарын қорғау бойынша қоғам» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Дарина Телағысова мен аудан тұрғындары қатысты.

 

 

- Қазақстан Республикасынының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ мемлекеттік грантының аясында өтуде. Бұған дейін Бөрлі және Тасқала аудандарында болып, тұрғындармен кездестік. Шара жыл аяғына дейін жалғаспақ. Басты мақсат – тұтынушылардың құқықтарын түсіндіру. Тұтынушылар құқықтарын қорғау туралы заңға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы және сатушы мен сатып алушының арасындағы келісім, яки алған тауарды қайтадан кері өткізу немесе ауыстырып беруге қатысты мәселелерге тоқталу, - дейді Дарина Шаумұратқызы. Сатушы тауарын алдап өткізіп, кейін сатып алушы сан соғып қалатын жағдайлар кездесіп жатады. Төрайымның айтуынша, ондай жағдай дәлелденсе сотқа жүгіне алады. Сондай-ақ кейбір дүкендердегі «сатылған зат кері қайтарылмайды» деген жазу дұрыс емес көрінеді.