08 Қараша 2019
376

Талдыбұлақта әмбебап алаң ашылды

Сырым ауданының Талдыбұлақ ауылдық округінде әмбебап спорт алаңының ашылу салтанаты өтті. Соған орай шағын футболдан аудандық ашық турнир өтті.

Шарада аудан әкімі Төлеген Төреғалиев тұрындарды спорт алаңының ашылуымен құттықтады. Жоба құны - 15 млн. 700 мың теңге. Мердігері "АйТемірҚұрылыс" ЖШС.

Жерлестеріне қолдау білдірген "Арай" шаруа қожалығының өкілі, аудандық кәсіпкерлер палатасының басшысы Айдынғали Балғалиев теңбіл доп шеберлеріне футбол ойнауға арналған форманы сыйға тартты.

Салтанатты ашылу рәсімінің лентасын Талдыбұлақ ауылдық округінің ардагерлер кеңесінің мүшесі Аманғали Телегенов пен самбо күресінен аудандық, облыстық жарыстардың жүлдегері Қадырбек Нұғман қиды.