14 Қараша 2019
306

Қаратөбеде халық санағына дайындық пысықталды

Қаратөбе ауданында БҚО-да 2020 жылы Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағын өткізуге байланысты жиналыс өтті.

 

 

Жиынға төрағалық еткен аудан әкімінің орынбасары Рашит Иманғалиев отырыста қаралатын мәселелермен таныстырып, хабарламашыларға сөз кезегін ұсынды. Күн тәртібіндегі мәселе бойынша аудандық статистика басқармасының басшысы Есжан Халқымбай сөз сөйледі. – 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1262 санды ҚР Инвестиция және даму министрлігі мен ҚР Ұлттық экономика министрлігінің «ҚР-ның аумағындағы жылжымайтын мүлік объектілерін адрестеу қағидаларын бекіту туралы» бірлескен бұйрығына сүйеніп аудандағы кейбір елді мекендердегі көше атаулары мен тұрғын үйдің, ғимараттардың нөмірлері өзгертілді. Бұл жұмысқа аудан бюджетінен 2128 мың теңге бөлінді. Қазіргі таңда ауылдық округтердің берген мәліметі бойынша 2 462 үй, 3 218 пәтер тіркелген. Аталған 2462 үйдің 2207-і нөмірленсе, 255 үй әлі күнге нөмірленбеген, - деді. Отырыста алдағы жылы өтетін ҚР халқының ұлттық санағына дайындық және өткізуге байланысты ұйымдастырушылық мәселелерге қатысты округ әкімдері мен бөлім басшылары пікірлерін ортаға салды.