20 Қараша 2019
123

Қаратөбеде іскер әйелдер бас қосты

 Қаратөбе ауданының Қоскөл ауылындағы мәдениет үйінде «Әйел – ана, әйел – тұлға, әйел – іскер» атты аудандық семинар өтті.

 

Aлдымен жиналғандар мәдениет үйінің фойесінде ауылдық округтегі ісмер әйелдердің қолынан шыққан бұйымдарды және тәтті тағамдарды тамашалады. Семинарда ауылдық округ әкімі Қанат Мұқанов мемлекеттен грант алып, өз кәсібін дөңгелетіп отырған жерлестерінің қатары жыл санап өсіп келе жатқандығын сүйсіне әңгімеледі.