20 Қараша 2019
118

Бөрлі ауданында ардагерлер арасында ашық турнир өтті

 Бөрлі ауданында шағын футболдан ардагерлер арасында аудандық ашық турнир ұйымдастырылды.

 

Аталған жарысқа БҚАТУ (Орал қаласы), СССР (Орал қаласы), КАЗИИТУ (Орал қаласы), «Орал жастары», Қазталов ауданы, Дариян командасы, Бөрлі әкімдігі, БЖСМ ардагерлері, Бумакөл ауылдық округі командалары қатысты. БҚО футзал федерация Президенті Ж.Хабибуллин және Бөрлі ауылы ардагерлер кеңесінің төрағасы Р.Көптілеуов барша командаға жақсы тілектерін жеткізді.

 

 

Тартысты өткен ойынның нәтижесінде «Орал жастары» командасы ешкімге есе жібермей бірінші орыннан көрінді. БҚАТУ (Орал қаласы) командасы жүлделі екінші және БЖСМ ардагерлері командасы үшінші орныға ие болды. Асхат Амирғалиев «Үздік ойыншы», Мұрат Хасанов «Үздік қақпашы» атанды. «Үздік шабуылшы» аталымын Жасын Хабибуллин, «Үздік қорғаушы» аталымын Хамиев Тельман қанжығалады