20 Қараша 2019
129

Қазынашылық басқармасында – «Адалдық сағаты»

Бөкей ордасы аудандық қазынашылық басқармасы ұжымының және «Nur Otan» партиясының өкілі Эльмира Менееваның қатысуымен «Адалдық сағат» атты дөңгелек үстел өтті.

 

Негізінен «Адалдық алаңы» жобасының басты мақсаты ол әлеуметтік маңызы бар салаларда сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою екені белгілі. Ал міндеті – мемлекеттік қызмет кезінде азаматтар үшін қолайлы жағдай жасау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, қоғамдық бақылауды күшейту және адалдық идеалогиясын ауқымды ілгерілету. Қазынашылық саласы біраз уақыттан бері электронды кұжат айналымына көшкендіктен қызметкерлердің мемлекеттік мекемелермен тікелей қарым-қатынасы азайды. Бұл өз кезегінде сыбайластыққа жол бермейді. Осы қоғам кеселімен күресу бағытында заңнамалар және нормативтік-құқықтық актілермен техникалық оқулар, семинар жүргізудеміз. Қызметімізге жауапкершілікпен қарап, азаматтардың арызшағымын қабылдаймыз. Қызмет бабында бөгде адамдармен сыпайы, әдепті, қарым-қатынас сақтаймыз. Жалпы сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу Қазақстан Республикасындағы әр азаматтың міндеті, халық алдындағы борышы екенін естен шығармайық.