20 Қараша 2019
116

Ардагер ұстазды құттықтады

Nur Otan" партиясы Тасқала аудандық филиалы төрғасының бірінші орынбасары Л.Жұбанышқалиева Амангелді мектебінің ардагер ұстазы Роза Тілепбергенованы 70 жасымен құттықтады.

 

 

-«Ұстаз деген – жүректің батырлығы» демекші, cіз ұзақ жылдар білім саласында абыройлы қызмет атқарып, жүздеген шәкіртті қанат қақтырдыңыз. Сізге алда да зор денсаулық, қажымас күш-қайрат тілейміз,- деп өзінің ізгі тілегін жеткізген Люция Әсетқызы аудан әкімінің алғыс хатын да табыстады. Ұзақ жылдар ауыл мектебінде орыс тілі мен әдебиеті пәнінен сабақ берген жоғары санатты ұстаз Роза Алексейқызы аналық ақ алғысын жаудырды.