29 Қараша 2019
316

Аудан әкімі жастармен кездесті

Жаңақала аудандық колледжінде аудан әкімі Наурызбай Қарағойшин аудан жастарымен кездесті

 

 

Бұл еркін өткен шара да жастар аудан әкімімен пікір алмасты. Кездесуге аудандық жастар ресурстық орталығының өкілдері, ауылдық округтердің белсенді жастары, жас кәсіпкерлер, жас мамандар, Жаңақала ауданық колледжі студенттері, жастар ұйымдарының жетекшілері қатысты. Жастар жұмыссыздық мәселесі, инновациялық жобалар мен идеялар бағытында, әлеуметтік жобаларға қолдау көрсету, кәсіпкерлікті қолға алғандарға жағдайын жақсарту секілді толғандырған сауалдарын қойды. Мәселен, Бірлік ауылдық округі фельдшерлік-амбулаториялық пунктінің меңгерушісі Назарбай Бекесов аталмыш ауылдағы әбден тозығы жеткен спорт залының жай-күйін әңгімелесе, Көпжасар ауылдық округінің жастар ісі жөніндегі кеңесші маманы Жалғас Нығметов ауылда спорт залы болғанымен, керекті құрал-жабдықтардың жеткіліксіздігін алға тартты. Жаңақалалық жас кәсіпкер Ернұр Жұмасейітов мемлекеттік бағдарлама аясында 505 мың теңгенің грантын ұтып алғанын айтып, енді жер алуға көмек сұраса, Пятимар ауылдық округінен келген Дидар Жұбанышев ауыл жастарына бос уақытында спортпен шұғылдануға қажетті арнайы алаңының қажеттігін жеткізді. Кездесу соңында аудан басшысы айтылған ұсыныс-пікірлер аяқсыз қалмайтындығын ескертіп, бірқатар белсенді жасқа сыйлық берді.